«Архивтік анықтамаларды архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметі

«Архивтік анықтамаларды архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметі

2022 жылғы 14 маусымда «ҚОМА» КММ филиалы «Қостанай аудандық мемлекеттік архивінде» Қостанай ауданы ауылдық округ әкімдіктерінің мамандарымен өткен кездесуде «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініштер беру мәселесі талқыланды. Көрсетілетін қызметті алушылар ауылдық округ әкімдерінің аппараттарына архив мекемелеріне өтініш беруге көмек көрсету туралы өтінішпен жүгінгендіктен, мамандарға облыстың архив мекемелерінің желісі, архив құжаттарының құрамы, есепке алу қажеттілігі туралы түсіндірмелер, белгілі бір архивке өтініш берген кезде ұйымның орналасқан жерін есепке алу айтылып өтті. Сонымен қатар, ауылдық әкімдіктердегі ақпараттық стендтер мен азаматтарды қабылдау бұрыштарына орналастыру үшін мамандарға «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша ақпараттық кітапшалар тапсырылды (70 дана).