«Өмірі ұрпаққа өнеге ардагер» атты сабақ туралы ақпарат

«Өмірі ұрпаққа өнеге ардагер» атты сабақ туралы ақпарат

2022 жылғы 29 сәуірде Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архивінің архивистері  А.Ғ. Комомбаева мен О. Е. Шоқытбаева «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Көктал орта мектебінің 9-10 сынып оқушыларына Ұлы Жеңіс күніне арналған «Өмірі ұрпаққа өнеге ардагер» атты ҰОС-ы ардагері Ағадыл Нұғманов туралы сабақ өткізді. Сабақта Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архивтегі сақтаудағы ҰОС-ы ардагері А.Нұғманов жекелеген құжаттары презентация арқылы оқушыларға ұсынылды.

А. Нұғманов ҰОС-сына дейін Сүлукол қой совхозында аға шопан қызметін атұқарған. 1942-1945 ж.ж. 1-ші Украин майданы, 238-дивизиясы бірінші батальонының жаяу әскери қатарында Отаның қорғап Жеңіспен туған ауылына оралған. Майданда екі мәрте жараланған.

Бейбіт күндері өзінің сүйікті жұмысын жалғастырып біраз жетістіктерге қол жеткізген. 1951 жылы А. Нұғманов отарында алғашқы селекциялық жұмыстары өткізіліп жаңа жұқа-жүнді қой тұқымы шығарылды, Солтүстік-Қазақстандық меринос аталған. Қай кезде де адал еңбектің бағасы биік. 1951, 1955 жылдары өткен Семиозер аудандық атқару комитетінің сессияларында А. Нұғманов 100 саулыққа 113-115, 139-140 қозы алған, жүн қырқудан жоғары көрсеткіштер берген деп аталып өткен.

Саналы ғұмырдың Отан қорғауға, қызметке арнап, адал еңбекті жанына міндет еткен А. Нұғманов 1991 ж. 11 қаңтарда 92 жасқа қараған шағында бұл дүниеден мәнгілік сапарға аттанды. Өмірі-ұрпаққа өнеге ардагердің ерен еңбегі, асыл бейнесі ешқашан ұмытылмайды.