Қостанайда облыстың танымал тұлғалары туралы басылым жарыққа шықты

Қостанайда облыстың танымал тұлғалары туралы басылым жарыққа шықты

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қостанай облысында "Қостанай облысының танымал адамдары: қоғам және саяси қайраткерлер" басылымның тұсаукесері өтті.

Басылым 2012 жылдан бастап жарық көріп келеді, бүгін жаңа бөлімнің тұсаукесері өтті.

Бұл бөлігіне еліміздің әлеуметтік-мәдени, экономикалық, агроөнеркәсіптік дамуына, сондай-ақ Білім және ғылым, қорғау және құқық саласына баға жетпес үлес қосқан Қостанай облысының қоғамдық және саяси қайраткерлерінің есімдері жазылған. Олар: Кенжебек Үкінұлы Үкин, Серікбай Жұмабекұлы Бисетаев, Сергей Михайлович Жалыбин, Серік Шыңғысұлы Бектұрғанов, Святослав Александрович Медведев, Валерий Георгиевич Вишниченко, Жеңіс Мирасұлы Нұрғалиев, Вера Григорьевна Семенова, Балбөпе Ғалымжанқызы Иртаева.

"Сіздердің әрқайсыларыңыз біздің облыстың ғана емес, еліміздің дамуына баға жетпес үлес қостыңыздар. Сіздердің әрқайсыңызды өз өмірін ел игілігі үшін арнаған белсенді, мақсатқа ұмтылған, жауапты, талантты кәсіби мамандар ретінде білеміз. Басылым жас ұрпақ үшін еңбек пен Отанға деген сүйіспеншіліктің үлгісі болатынына сенімдіміз", - деп атап өтті Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы Эльдар Күзенбаев.

Айта кету керек, басылым белгілі қостанайлықтар туралы жарияланымдар сериясының жалғасы болып табылады, олардың жеке текті қорлары облыстың мемлекеттік мұрағаттарында сақталуда. Басылымдар Облыстың кітапханалары мен білім беру мекемелеріне берілетін болады.