Архив ХҚКО-да

Архив ХҚКО-да

2021 жылдың 26 қараша күні Қостанай қалалық архивінің басшысы О. Куйбагарова Қостанай облысы бойынша «Халыққа арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының КЕАҚ № 1 филиалында мемлекеттік қызметті көрсету сұрақтары бойынша оқыту семинары өткізді.

Семинар мақсаты – «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметті көрсетудің сапасын көтеру.

Іс-шара барысында ХҚКО өкілдеріне мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мерзімдері түсіндіріліп кетті. ХҚКО өкілдерінің өтініштерді қабылдау кезінде жиі жіберілетін қателер жөнінде ақпарат жалпылама түрде және мәлімет үшін айтылып өтті. Мемлекеттік қызметті көрсетудің төмен сапасының негізгі мәселелері талқыланды.