Жітіқара өңірлік мемлекеттік архивінде онлайн-режимде «Тәуелсіздікке қадам» сабағын өткізді

Жітіқара өңірлік мемлекеттік архивінде онлайн-режимде «Тәуелсіздікке қадам» сабағын өткізді

2021 жылғы 22 қарашада Жітіқара өңірлік мемлекеттік мұрағатының қызметкері Е.Бостынец Жітіқара қаласының № 4 орта мектебінің 9 сынып оқушылары үшін онлайн-режимде «Тәуелсіздікке қадам» сабағын өткізді. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды. Материалды түсіндіру өңірлік мемлекеттік архив қорындағы құжаттар мен фотосуреттерді пайдалана отырып ресімделген слайд-презентацияны көрсетумен сүйемелденді. Олар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасу кезеңіндегі Жітіқара ауданының тарихын баяндады.

Іс-шара соңында архивист оқушыларға сабаққа белсенді қатысқаны үшін алғыс айтып, оқуда табыс және шығармашылық биіктерге жетуді тіледі.