Федоров ауданында электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен үлесін арттыру талқыланды

Федоров ауданында электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен үлесін арттыру талқыланды

2021 жылғы 14 қазанда Федоров аудандық мемлекеттік архивінің қызметкерлері ХҚКО мамандарымен Электрондық қызмет көрсету сапасын арттыру және үлесін арттыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел отырысын өткізді. Архивист Е.Давиденко дөңгелек үстелге қатысушыларды мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынылатыны туралы хабардар етті, сонымен қатар өтініштерді қабылдау және сауалнамалық деректерді дұрыс толтыру мәселелері қаралды. Сапаны арттыру үшін «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету НҚА қатаң ұстану қажет екенін атап өтті. ХҚКО мамандарының назарын аудандық архивте Федоров ауданының аумағында орналасқан мекемелер мен ұйымдардың құжаттары сақталғанына аударды.