Денисов ауданының архивінде ауданның құрметті тұрғынымен кездесу өтті

Денисов ауданының архивінде ауданның құрметті тұрғынымен кездесу өтті

           2021 жылғы 7 қазанда Денисов аудандық мемлекеттік архивімен Денисов  аулының  Құрметті азаматы галимжанов Наиль мулдахметовичпен кездесу өткізілді.  1978 ж Наиль Мулдахметұлы Қазақ дене шынықтыру институтын, 1991ж қазақ мемлекеттік университетін, 1997 ж РФ ІІМ академиясын бітірген.

           Наиль Мулдахметұлының  ІІМ  жүйесіндегі еңбек қызметі 1984 жылдан басталды, полиция генерал-майоры атағы бар,Интерполдың халықаралық қылмыстық полиция ұйымының 4 Бас ассамблеясының қатысушысы болып табылады. 2-дәрежелі «Данк» орденімен ,«Кұрмет» орденімен және көптеген медальдармен марапатталған. Соның ішінде шет елдердің наградаларымен, сондай ақ ҚР ІІМ мен ТМД елдері ІІМ атынан Кортик-тің атаулы суық қаруымен марапатталған.

           Кездесу барысында Наиль  мулдахметұды өзінің жетістіктері, наградалары туралы айтып, мемлекеттік сақтауға жеке архивінан фотосуреттерді,кұрмет грамоталарын, алғыс хаттарды, медальдарды және т.б. табыстады. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысына қатысқан әкесі Галимжанов Мулдахмет Ханафиұлының құжаттарын мемлкеттік сақтауға тапсырды.

          Сондай-ақ архивке «Қазақстан Генералдары» энциклопедиялық анықтамалығын сыйға тартты.

          Денисов аудандық мемлекеттік архивінің ұжымы Наиль Мулдахметұлына құжаттарды сақтауға тапсыруда алғысын білдірді.