Қостанай ауданы Тобыл қаласы гиназия мектебінің 4 сынып оқушыларына арналған «Архив құжаттарында Қостанай ауданынының тарихы»

Қостанай ауданы Тобыл қаласы гиназия мектебінің 4 сынып оқушыларына арналған  «Архив  құжаттарында  Қостанай ауданынының тарихы»

«ҚОМА» КММ «Қостанай аудандық мемлекеттік архиві» филиалының  басшысы 2021 жылдың 8 қазанында  Тобыл қаласының гимназия мектебінің 4 сынып оқушыларына Қостанай ауданының 100 жылдық мерейтойына байланысты  мектеп сабағын өткізді.  Ұлы Отан соғысына қатысушылары     Д.В. Ромененконың, М.П. Ельчищевтің, В.Ф. Бубенчиковтің, тыл еңбекшісі В.М. Хворстовтың, Социалистік Еңбек Ерлері Е.Г. Деккердің,                      Ж.Д. Демеевтердің  жеке тегі туралы  құжаттарды қоса алғанда, Қостанай аудандық мемелкеттік архивінің қоры бойынша дайындалған материалда Қостанай ауданының құрылу мен дамуының тарихы және  Ұлы Отан соғысының кезеңдерін, тың игеруді, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі орнағаннан кейінгі  бірінші онжылдықты қамтыды. Сабаққа мектеп гимназиясының педагогтары мен оқушылары қатысты (25 адам).

Бұл іс-шара  архивтік құжаттарда қамтылған өлке тарихы туралы мәліметтермен танысып қоймай, сонымен қатар оқушылардың өлкенің жалпы тарихына қатысты сезімін қалыптастыруға бағытталған.

08 қазан 2021 жыл