Қостанай облысында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама талаптарын бұзу саны едәуір азайды

Қостанай облысында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама талаптарын бұзу саны едәуір азайды
Бұзушылық саны 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 есеге азайған.
Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің қатысуымен өткен кеңейтілген кеңес барысында облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер және архивтер басқармасының басшысы Азамат Кашиев хабарлады.
Айта кету керек, биыл заңнама талаптарын бұзу санының күрт төмендеуі бойынша оң динамика байқалады. Барлығы 325 бұзушылық анықталды, 2020 жылдың 9 айында 2 199 анықталған, болаты.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ішкі бақылау қызметтері 2021 жылдың 9 айында 286 бақылау іс-шарасын өткізді.
"Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша жұмыста анықталған кемшіліктерді жою бойынша 980 ұсыным жолданды, оның ішінде Ақпараттандыру басқармасымен 91 ұсыным жолданды. Жалпы, жіберілген бұзушылықтар үшін 13 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді Азамат Кашиев.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылу фактілерінің төмендеуі байқалады.