Облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы жұмыс сапарымен Бірыңғай байланыс орталықтарының (IKomek) жұмыстарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында Рудный, Лисаков қалаларында және Жітіқара ауданында болды.
Бірінші кезекте әкім орынбасарларымен және «Nur Otan» партиясы филиалдарының бірінші орынбасарларымен цифрландыру мәселелері «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөнінде жұмыс кеңестері өткізілді.
Сонымен қатар, 109 бірыңғай байланыс орталықтарына барып, онда ББО-109 жұмысын оңтайландыру мақсатында жұмыс сапасын жақсарту және жаңа технологияларды енгізу бойынша ұсыныстар берілді.
Айта кету керек, ағымдағы жылы облыстың бірқатар өңірлері Қостанай қаласының Ikomek Ахуалдық орталығына ұқсас байланыс орталықтарын іске қосу бойынша облыс орталығының тәжірибесін сәтті қабылдады.
Сапар қорытындысы бойынша "Smart city" тұжырымдамасы аясында жұмысты күшейту, сондай-ақ 109 бірыңғай байланыс орталығының қызметін халық арасында таныма.