«ҚОМА» КММ «Қостанай аудандық мемлекеттік архиві» филиалындағы Ашық есік күні

«ҚОМА» КММ «Қостанай аудандық мемлекеттік архиві» филиалындағы  Ашық есік күні

ҚОМА» КММ «Қостанай аудандық мемлекеттік архиві» филиалында  2021 жылғы 18 маусымда «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына, Қостанай ауданынынң 100-жылдығына, аудандық архивтің 35-жылдығына, Халықаралық архивтер күніне сабақтастырылған Ашық есік күні өтті.

 Бұл күні архив қонақтарына архив қоймалары бойынша экскурсиялар, Қостанай ауданында архив мекемесінің құрылу тарихына қысқаша экскурсия, қорлардың құрамы мен көлемі, сақтауда тұрған құжаттардың түрлері туралы мәліметтер, «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құжаттарды пайдалану қағидатымен танысу ұсынылды.

Сондай-ақ, архивке келушілер Ұлы Отан соғысының басталуының 80 жылдығы қарсаңында «Отты жылдар тарихы» фотоқұжаттық көрмесімен, архивті соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлерінің жеке тектік құжаттармен толықтыру бойынша архивистердің қызметімен танысты.

Ведомстволық архиа мамандары үшін құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық өңдеу, «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» АЖ мәліметтерді енгізу мәселелері бойынша семинарлар мен консультациялар өткізілді.

Бұл күні архивке келушілер арасында Тобыл қаласының № 1 және 2 жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары мен педагогтары, Қостанай ауданы мекемелерінің мамандары, Тобыл қаласының тұрғындары болды. Барлығы 25 адам.

Архивке келуге уақыт бөлгендердің барлығына шынайы алғысымызды білдіреміз.