Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы Э.Қ. Күзенбаевтың төрағалығымен өткен кеңес

Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы Э.Қ. Күзенбаевтың төрағалығымен өткен кеңес

2021 жылғы 11 маусымда Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы Э.Қ. Күзенбаевтың төрағалығымен кеңес өтіп, оның барысында келесі мәселелер қаралды:

- «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы» және «Персоналды басқару» бағыттары бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері туралы;

- Электрондық мемлекеттік қызметтер үлесін ұлғайту туралы;

- Азаматтардың жеке құжаттарын цифрландыру және оларды мемлекеттік органдардың жұмысына енгізу, соның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде пайдалану туралы.

Кеңеске ҚР мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы А.Б. Искендиров, қалалар мен аудандар әкімдері аппараттарының басшылары, облыстық басқармалардың өкілдері қатысты.

Басқарма басшысы екі мәселе бойынша («Электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру туралы», «Азаматтардың жеке құжаттарын цифрландыру және оларды мемлекеттік органдардың жұмысына енгізу, соның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде пайдалану туралы») баяндама жасады.

2011 жылдан бастап облыс әкімдігінің қызметі, соның ішінде «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы» бағыты бойынша жыл сайын бағалануға жатады. Оның басты мақсаты - қызметтің тиімділігін арттыру.

2020 жылдың қорытындысы бойынша Қостанай облысы әкімдігінің қызметі орташа тиімді деп бағаланды. Бұл деңгейге Қостанай облысының әкімдігі соңғы 5 жылда алғаш рет қол жеткізгенін атап өткім келеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласы азаматтардың мемлекетпен түйісуінің негізгі нүктелерінің бірі болып табылады және халықтың сенімі мен қанағаттану деңгейіне тікелей әсер етеді. Бүгінгі таңда Тұңғыш Президент – Елбасының тапсырмасын іске асыру аясында тізілімдегі қызметтердің жалпы санының 90%-дан астамы электрондық форматқа ауыстырылды. Қазіргі заманғы қоғамның қажеттіліктерін ескере отырып, «электрондық үкімет» (eGov) порталының дәстүрлі нұсқасынан алыстай отырып, мемлекеттік қызметтерді ұсынудың қосымша тәсілдері енгізілуде, eGov Mobile мобильді қосымшасы үлкен сұранысқа ие болуда.

Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі аппаратының басшысы облыстың жергілікті атқарушы органдарына электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру мақсатында оларды электрондық нысанда көрсету мүмкіндігіне тұрақты негізде талдау жүргізуді тапсырды.

Ағымдағы жылы облыс әкімдігі қызметінің орташа тиімді деңгейінің төмендеуіне, сондай-ақ облыс әкімдігі қызметінің тиімділігін бағалауға әсер ететін мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың бұзылуына жол бермеу.

Мемлекеттік органдардың жұмысына азаматтардың цифрлық құжаттарын енгізу жөнінде шаралар қабылдау және халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету жөніндегі жұмысты жалғастыру.