Меңдіқарада құжаттарды анықтау бойынша іздеу жұмыстары жалғасуда

Меңдіқарада құжаттарды анықтау бойынша іздеу жұмыстары жалғасуда

Ұстаз және тәрбиеші Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Қостанай облысы мемлекеттік архиві»  КММ әлеуметтік желіде #YbyraiAltynsarin180  челенджі  іске қосылды.

Осыған орай Меңдіқара аудандық мемлекеттік архивінің мамандары Меңдіқара ауданы Боровское селосында 1940-1974 жылдары орналасқан   Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалық училищесінің құжаттарын анықтау бойынша іздеу жұмыстарын жалғастыруда.

Ақпан  мен сәуір айларында құжаттарды пайдалану бойынша маман Т.В. Бобылева бірнеше рет 1969 жылғы педогогикалық училищесінің түлегі, музыка пәнінің мұғалімі Нэлли Михайловна (Мишина) Лобачқа барып қайтты.

Жылы достық әңгіме барысында Нелли Михайловна Ы. Алтынсариннің педогогикалық училищесінде оқыған және жұмыс істеген жылдар туралы бөлісті. Ол үшін сол жылдар өмірінің ең жақсы жылдары  болып қалды.

Ең қызықтысы оның ата-анасы сол педогогикалық училищеде жұмыс істеген. Әкесі Михайл Тимофеевич Мишин музыка пәнінің мұғалімі, анасы Александра Николаевна педкластың лаборанты.

Меңдіқара архивіне Нелли Михайловна жеке тектік құжаттарды, кітаптар, педучилищедегі оқыған және жұмыс  кезеңдегі фотоларды табыс етті.

Директор Д.Е. Сүймековтан, Н.М. Лобачқа сыйлық жазуымен, білім беру мекемесінің 60-жылдығына арналған педколледждің тарихы туралы маңызды ақпараты бар, Қостанай облысы Рудный (бұрынғы Меңдіқара) педколледжінің түлектері туралы «Алтын ұя, Истоки памяти» естеліктер кітабы сыйға тартылды. Кітап зерттеушілер мен архив қызметкерлері қолдану үшін цифрланған.

Ы. Алтынсариннің 175 жылдығына орай, Ы. Алтынсарин атындағы Қостанай мемлекеттік педогогикалық институтының архивтік зерттеу орталығымен шығарылып, архивке сыйға тартылған «Знаем ли мы Ибрая Алтынсарина? 50 вопрсов и 50 ответов» кітап ерекше құнды және қызықты болды: облыстық жастар газетінің «Обрати внимание» №№ 4-5(5) 2014 жылғы қазандағы  арнайы шығарылымы.

Меңдіқара аудандық мемлекеттік архивінен Нелли Михайловнаға «Ізгі істер марафоны» аясында екі рет  азық түлік пакеті апарылды.