eGov-қа 15 жыл. Бүгінде 12 миллионға жуық қазақстандық электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдаланады, ал бұл барлық халықтың шамамен 62%-ы.

eGov-қа 15 жыл. Бүгінде 12 миллионға жуық қазақстандық электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдаланады, ал бұл барлық халықтың шамамен 62%-ы.
Жыл сайын eGov қолжетімді қызметтерінің саны өсуде, олардың ішінде халық үшін әлеуметтік маңызы бар қызметтер, бизнес үшін қызметтер, төлемдер мен пайдалы сервистер, композиттік және проактивті қызметтер, сондай-ақ лицензиялар мен рұқсат беру құжаттары бар.
 
Қазір eGov.kz порталында қазақстандықтар мемлекеттік қызметтердің 91%-ын ала алады. Осылайша eGov Mobile қосымшасында цифрлық құжаттар, денсаулық паспорты, зейнетақы калькуляторы және электрондық еңбек биржасы сияқты 91 қызмет пен 4 сервис қолжетімді, ал биометрияны пайдалана отырып, қосымшада бірнеше минут ішінде тіркелуге және ЭЦҚ-ны шығаруға болады. Telegram, Facebook және ВКонтакте мессенджерлері арқылы 22 қызметке тапсырыс беруге болады. 2020 жылы барлық арналар бойынша 60 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.