Мемлекет қайраткері Серик Бектургановтың жеке тектік құжаттарын қабылдау

Мемлекет қайраткері Серик Бектургановтың жеке тектік құжаттарын қабылдау

2021 жылғы 12 сәуірде «ҚОМА» КММ толықтыру және ведомстволық архивтердің жұмысын бақылау бөлімінің маманы Ж.О. Жылдамқұлова Серик Чингисович Бектургановпен кездесті. Кездесу барысында Серик Чингисович архивистке өзінің еңбек қызметі туралы айтып берді.

Оның еңбек жолы 1981 жылы Қостанай құрылыс техникумы комсомол комитетінің хатшысы ретінде басталған. 1997 жылы Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 2014 жылдың қазан айында Қазақстан  Республикасы  Парламенті  Сенатының депутаты болып сайланды. 2020 жылдың қыркүйек айында «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ  Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

ҚР Парламенті Сенатында жұмыс істеген уақытында ол бірқатар заң жобаларының («Балалардың құқықтарын қорғау туралы», «Волонтерлік қызмет туралы» және т.б.) бастамашысы болды, халықаралық конференцияларға қатысып, сөз сөйледі. 2020 жылдың қыркүйек айында «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

С.Ч. Бектурганов «Құрмет» орденмен, («Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» және т.б.), мерекелік медальдармен, сондай-ақ       («Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі», «Ы. Алтынсарин», «Денсалық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Құрметті спорт қайраткері» және т.б.) төсбелгілерімен наградталды.

Әңгіме соңында Серик Чингисович өз құжаттарын мемлекеттік сақтауға тапсырды.