Арқалық мемлекеттік архивінде өткізілген семинар туралы

Арқалық  мемлекеттік архивінде өткізілген семинар  туралы

2021 жылғы  02 наурызда Арқалық өңірлік мемлекеттік архивінің оқу залында архив қызметкерлері А. Нурекина мен С. Садуованың ұйымдастыруымен, Арқалық өңірлік мемлекеттік архивінің басшысы С.К.Байгенжин, Арқалық қаласы әкімі  аппараттарына қарасты бөлім мамандарының қатысуымен  семинар кеңес өткізілді.

1.«Арқалық қаласы әкімі  аппараттарына қарасты бөлім мамандарының қатысуымен өткен семинар кеңесті архив басшысы С. Байгенжин ашып , бүгінгі таңдағы  өзекті мәселелер туралы айтып өтті.

2. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары туралы баяндама - С.Т. Садуова.

3. Іс номенклатурасын дұрыс құрастыру тәртібі және мекемедегі құжаттардың талапқа сай дұрыс жүргізілуі.Құжаттарды сканерлеу жұмысын жалғастыру - А.Ғ.Нурекина.

Семинар кеңеске 15  Арқалық қаласы әкімі  аппараттарына қарасты бөлім  мамандары  қатынасты.