«Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу»тақырыбында семинар

«Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу»тақырыбында семинар

2021 жылғы 24 ақпанда «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қостанай облысы бойынша филиалы - Рудный қаласының Халыққа қызмет көрсету бөлімінде Рудный қалалық мемлекеттік архив басшысының м.а. Е. И. Селянина «Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.

Е.И. Селянина семинарға қатысушыларды архив ісі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету ережелерімен таныстырды. «Электрондық үкімет» порталы арқылы өтініштерді рәсімдеу тәртібін түсіндірді. «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде туындайтын түйткілді мәселелерді талқылады . 30 адам қатысты.