Біз тандемде жұмыс істеу қажет деген пікірге келдік

Біз тандемде жұмыс істеу қажет деген пікірге келдік

2021 жылғы 19 ақпанда  «Лисаков өңірлік мемлекеттік архиві» «ҚОМА» КММ филиалы архивистерімен («Архив анықтамаларын беру, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерін беру»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет)  «Өзекті мәселелерді бірлесіп шешу» тақырыбы бойынша  мемлекеттік корпарация қызметкерлеріне  семинар өткізілді.

Мемлекеттік архивтің маманы «Лисаков өңірлік мемлекеттік архиві» «ҚОМА» КММ филиалы қызметкерлерінің есепті кезендегі жұмысының қортындысын шығарды. «Архив анықтамаларын беру, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерін беру»  мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы нақтылады. Жиналыс барысында филиал архивисті Мемлекеттік корпорация  қызметкерлеріне «Лисаков өңірлік мемлекеттік архиві» «ҚОМА» КММ филалының сақтауындағы мекеме, ұйым және кәсіподақтың архивтік қор тізімдерімен қалай жұмыс істеу керектігін ескертті.

Жиналыста Лисаков қаласының МК қызметкерлері белсенді қатысып, сұрақтар қойып және нақты толық жауап алды. Семинар соңында  қатысып отырғандандар   «электрондық үкімет»  веб- портал  және МК арқылы «Архив анықтамаларын беру, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерін беру»  мемлекеттік көрсетілетін қызметін  пайдалану  бойынша тиімділігі  үшін өз ойларын ортаға салды. Мемлекетік архивтің маманы «Архив анықтамаларын беру, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерін беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі туралы айтты.