Жітіқара өңірлік архивінде өткен «Ашық есік күні»

Жітіқара өңірлік архивінде өткен «Ашық есік күні»

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін мерекелеу аясында 2020 жылғы 24 қарашада архив мамандары ZOOM бұлт платформасының көмегімен онлайн-режимде «Ашық есік күнін» өткізді. Күннің бірінші жартысында мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың – архивті толықтыру көздері, Жітіқара қаласының орта мектептерінің мамандарымен онлайн-кездесу өтті. Архив басшысы Г.К. Жапаровамен Қостанай облысының әкімі А. Б. Мұхамбетовтың тапсырмасын орындау мәселесін қозғалды. Құжаттарды цифрландыру, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және ведомстволық сақтау мерзімдерін бұзуды болдырмау жөніндегі 2020 жылғы 1 наурыздағы № 2578 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы  архивист Е.Бостынец іс-шараға қатысушыларына құжаттарды цифрлауды ұйымдастыру мен жүргізуде ведомстволық деңгейде құжаттарды сақтаудың негізгі кезеңдері туралы айтып берді. Іс-шара соңында қатысушыларға архивтік құжаттар негізінде ресімделген «Тәуелсіздіктің қалыптасуы» слайдтары көрсетілді.

 Күннің екінші жартысында Жітіқара қаласының № 3 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушылары үшін «Тәуелсіз Қазақстан» онлайн-шолу экскурсиясы өткізілді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасу кезеңінде аудан тарихы бойынша құжаттармен балалар  архивистің әңгімесімен бірге слайд-презентация арқылы таныса алды.

«Ашық есік күні» іс-шарасына 64 жітіқаралық қатысты.