«Еңбегімен еленгендер» атты дөңгелек стол

«Еңбегімен еленгендер» атты дөңгелек стол

2020 жылғы 01 қазанда Арқалық өңірлік мемлекеттік архивінің оқу залында «Еңбегімен еленгендер» атты медицина қызметкерлері және Қарттар күніне арналған дөңгелек стол өтті.

Мерекелік іс-шараны архив басшысы Сағидолла Кәкенұлы Байгенжин ашты. Ол біздің архив тарихы бойынша қысқаша шолу жүргізді, шақырылғандардың жеке тектік құжаттары көрсетілді, сондай-ақ басқа да аймақтың танымал тұлғалардың жеке тектік құжаттарымен таныстырды:  Қазақстан Республикасының «Дін жанашыры, 14 рет Мекке мәдениетке ие болған «Құрметті қажы» Мейрамхан Ташетов, Торғай облысының Арқалық қаласындағы еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері - Қуаныш Әкібайұлы Шәмшиев, Қазақстан Жазушылар Одағының Торғай және Қостанай облысы бойынша әдеби кеңесшісі, КСРО Жазушылар одағының мүшесі Сейіт Кенжеахметов.  

Іс-шара қонақтарына алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.