Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архиві акция өткізу туралы

Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архиві акция өткізу туралы

2026 жылғы 25 тамызда Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архивтің архивисті Шокутбаева О.Е. аудандық орталықтың тұрғындары мен қонақтары арасында «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметі туралы брошюраларды тарату бойынша акциясын өткізді. Акция барысында «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша кеңес берілді, мемлекеттік қызметті алу тәртібі, өтініштерді қарау мерзімдері, қажетті құжаттардың тізбесі, сондай-ақ өтініштерді электрондық үкімет порталы арқылы беру тәсілдері түсіндірілді.

Барлығы 20 адам қамтылған.