«Кіші Отан тарихы»

«Кіші Отан тарихы»

2020 жылғы 23 қарашада Жітіқара өңірлік мемлекеттік архивінің қызметкері  Е.Бостынец  Жітіқара қаласының № 3 мектеп-лицейінің екі 10 сынып оқушыларына арналған онлайн-режимінде «Кіші Отан тарихы» викторинасын өткізді. Бұл іс-шара Жітіқара ауданының құрылғанына бір жыл толуына орайластырылған. Сабақ барысында архивист 1928-1997 жылдар аралығында туған өлке тарихы бойынша сұрақтар қойды, ал оқушылар сұрақтарға дұрыс жауаптар берді. Сабақты өткізу үшін Е.Бостынец архивтік құжаттар негізінде ресімделген слайдтарды көрсетті.

Викторинаның соңында архивист іс-шараға қатысқандары үшін барлығына алғыс айтып, оқу жылының табысты аяқталуын тіледі.