2020 жылғы 13 қарашада Сарыкөл өңірлік мемлекеттік архиві Инстаграмм парақшасында ҰОС ардагері Спивак Татьяна Титовнаға арналған тақырыптық экспозицияны ұсынды.
Тақырыптық экспозияда қор құрушының жеке тектік қорынан құжаттар ұсынылды. Архивист Татьяна Титовнаның шайқастарға қатысқаны, жетістіктері және қызметі туралы баяндады.
Спивак Т.Т. Қазақ КСР Ағарту министрлігінің "Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі" белгісімен марапатталды. ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, 8 медалі және т.б. наградалары бар. Барлығы 14 экспонат ұсынылды.