Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архиві «Ардагер – тарих айнасы» мектеп сабағының өткізілуі туралы

Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архиві «Ардагер – тарих айнасы» мектеп сабағының өткізілуі туралы

2026 жылғы 4 мамырда Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архивінде Ұлы Отан соғысының ардагері, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері, Қостанай облыстық мемлекеттік архивінің Семиозер филиалының алғашқы директоры Жанахмет Сатубалдиннің туғанына 110 жыл толуына арналған іс-шара өтті.

Архив қызметкерлері Ж. Сатубалдиннің 110 жылдығына арналған «Ардагер – тарих айнасы» атты мектеп сабағын дайындап, өткізді. Сабақ Әулиекөл орта мектебінің Сьянов атындағы 5 «А» және 6 «А» сынып оқушыларына арналды. Сабақ барысында Ж. Сатубалдиннің жеке тектік құжаттары негізінде дайындалған презентация ұсынылып, оның соғысқа қатысуы, ерлігі мен батылдығы, сондай-ақ бейбіт кезеңдегі еңбек жолы туралы айтылды.

Іс-шара аясында Ж. Сатубалдиннің немересі, «Әулиекөл» аудандық газетінің журналисі Сыздықова Жұмагүл Хакимжанқызымен кездесу ұйымдастырылды. Ол өз ағасы туралы естеліктерімен бөлісті.

Сабақта оқушылар назарына Жанахмет Сатубалдиннің жеке тектік құжаттарына арналған тақырыптық көрме ұсынылды. Сонымен қатар «Әулиекөл ауданының архив қызметіне – 70 жыл» атты фотоальбом пайдаланылды Оқушылар фотосуреттер мен құжаттармен қызығушылықпен танысып, Сыздықова Ж. сұрақтар қойды.

Іс-шара соңында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай архив ғимараты бойынша шолу экскурсиясы өткізілді. Архив қызметкерлері архивтің тарихы мен Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архивінің қызметі туралы баяндады.

Барлығы 22 адам қамтылды (20 оқушы, 2 мұғалім).