Қостанай аудандық мемлекеттік архивіндегі «Қостанай ауданы соғыс жылдарында» атты тақырыптық экскурсия

Қостанай аудандық мемлекеттік архивіндегі «Қостанай ауданы соғыс жылдарында» атты тақырыптық экскурсия

2026 жылдың 6 мамырында Қостанай аудандық мемлекеттік архивінде Тобыл қаласындағы №1 жалпы білім беретін мектептің 10–сынып оқушыларына (15 оқушы) Ұлы Отан соғысына арналған «Қостанай ауданы соғыс жылдарында» атты тақырыптық экскурсия өткізілді.

Шара барысында оқушыларға Ұлы Отан соғысы туралы және Қостанай ауданының майдангерлері мен тыл еңбеккерлерінің Жеңіске жетудегі үлесі туралы айтылды. Экскурсияға қатысушылар «Архив құжаттары сөйлейді» және «Соғыс жылдарындағы Қостанай ауданы» атты архив құжаттарының тақырыптық көрмелерімен таныстырылды.

Сондай-ақ шара аясында архив қоймаларында шолу экскурсиясы ұйымдастырылды.

«Архив құжаттары сөйлейді» тақырыптық көрмесі Қостанай ауданы мен Қостанай облысының айтулы мерейтойлары - Қостанай облысының - 90 жылдығына, Қостанай ауданының - 105 жылдығына, сонымен қатар Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 85-жыл толуына арналған. Көрмеге Қостанай облысы мемлекеттік архивінің және Қостанай ауданы мемлекеттік архивінің қорларындағы құжаттар қойылған. Көрмеде 20 экспонат бар.

«Қостанай ауданы соғыс жылдарында» тақырыптық көрмесі Ұлы Жеңіске Қостанай ауданы тұрғындарының қосқан үлесін көрсететін Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің жеке коллекцияларындағы құжаттар негізінде жасалған. Қостанайлық майдангерлер Ұлы Отан соғысының барлық айтулы шайқастары мен ұрыстарына қатысқанын «Берлинді алғаны үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін», «Мәскеуді қорғағаны үшін» және тағы басқа медальдары дәлелдейді. Ал, ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің естеліктері-тылдағы және майдандағы өмір туралы деректердің баға жетпес қазынасы. Көрмеде 43 экспонат бар.