Барлығы майдан үшін! Барлығы жеңіс үшін!

Барлығы майдан үшін! Барлығы жеңіс үшін!

1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында, 2026 жылғы 5 мамырда Рудный қалалық мемлекеттік архивінің архивистері «Рудный политехникалық колледжі» КМҚК-нің бірінші курс студенттеріне дәріс өткізді. Дәріс соғыс жылдарында елді қорғап, жеңіске жету жолында ерлік пен еңбек жасаған жандардың рухына арналды. Архивист Турабекова Ж. студенттерге майдан даласында ерлік көрсеткен Мельниченко И.Ф. пен Федотова В.Ф., сондай-ақ тыл еңбеккерлері Құсемаев Т.Х. мен Дүйсембаев К.К. туралы баяндап берді. Олар соғыс жылдарының барлық ауыртпалықтарына қарамастан, майданда да, тылда да аянбай еңбек етіп, фашистік басқыншыларды жеңуге, ұрпақтарының бейбіт өмірі үшін зор үлес қосты. Сонымен қатар студенттерге Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің құжаттары негізінде дайындалған «Тыл еңбеккерлерінің ерлігі» атты фотодеректі көрме ұсынылды. Көрме Рудный қаласының еңбек сіңірген азаматтарының құжаттар жинағы негізінде әзірленген. Дәріске барлығы 42 студент қатысты.