
2026 жылдың сәуір айында аудандық ардагерлер кеңесі Жітіқара өңірлік мемлекеттік архивімен бірлесіп, Мәскеу маңындағы неміс-фашистік әскерлерді талқандаудың 85 жылдығына арналған ауданның жалпы білім беретін мектептерінің жоғары сынып оқушылары арасында аудандық эссе байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты мен міндеттері – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандық жауынгерлердің ерлік рухані сақтау, тарихи жадыны жаңғырту, сондай-ақ жас ұрпақты Отаннның қаһармандық өткенінінің үлгісінде азаматттыққа және патриотизмге тәрбиелеу. Эссені бағалау кезінде ең алдымен берілген тақырыпқа сәйкестігі, мазмұнының тереңдігі, сондайөақ автордың жеке көзқарасының көрініс табуы ескерілді. Байқауға аудан мектептері оқушыларының 7 жұмысы ұсынылды. 24 сәуірде мемлекеттік архивтің әдістемелік кабинетінде конкурстың қорытындысы шығарылды. Нәтижесінде орындар былайша бөлінде:
І орын - № 12 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқүшысы Қуанышпаева Ислана;
ІІ орын – гимназияның 11-сынып оқушысы Аскарова Балайым;
ІІІ орын - № 1 негізгі орта мектептің 9-сынып оқушысы Айменова Мадина.
Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.