Жітіқара өңірлік мемлекеттік архивінің жинақтау көздері-ұйымдары үшін семинар өткізу туралы

Жітіқара өңірлік мемлекеттік архивінің жинақтау көздері-ұйымдары үшін семинар өткізу туралы

2026 жылғы 22 сәуірде Жітіқара өңірлік мемлекеттік архивінің басшысы   

Е. Бостынец "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы "Қазақстан Республикасының Заңындағы өзгерістер туралы". Электрондық істерді қалыптастыру" тақырыбында мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың мамандары үшін семинар өткізді. Іс - шара Zoom бұлтты платформасы арқылы онлайн режимінде өткізілді. Семинар жұмысына 31 адам қатысты.

Архив басшысы ведомстволық архивтердің қызметіне қатысты Заңнан жаңа ұғымдарды оқыды, 4, 8, 13, 15-баптардың мазмұнын қарады, электрондық істерді қалыптастыру тәртібін түсіндірді.

Мекеме мамандары талқыланатын тақырып бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.