
2026 жылдың 18 наурызында «Наурызнама» онкүндігі аясында Ұлттық киім күні мерекесінде Қостанай аудандық мемлекеттік архивінің қызметкерлері келушілерді ұлттық нақыштары бар ұлттық киіммен қарсы алды. Ерекше ұлттық киім – Қазақстанның символы, ұрпақтар арасындағы дәнекер, халықтың салт –дәстүрі мен мәдениетіне деген құрмет!
Сондай-ақ бұл күні келушілерді қабылдайтын алаңда Қостанай аудандық мемлекеттік архивінің фотожинақтарынан фотосуреттердің тақырыптық көрмесі қойылды. Өңірдегі әрбір мереке ұлттық киімдерімен ерекшеленетін жарқын көріністермен сүйемелденеді. Өйткені, ұлттық киім қашанда кез келген мерекенің немесе іс-шараның көз тартарлық атрибуты болған.
2026 жылдың 21 наурызында Қостанай аудандық мемлекеттік архивінің қызметкерлері Тобыл қаласының орталық алаңындағы мерекелік іс-шараға қатысты.Көктемгі Наурыз мерекесіне орай аудан орталығының тұрғындары мен қонақтарына ыстық шай, піскен тоқаш, ұлттық тағамдар ұсынылды.
2026 жылдың 23 наурызында «Наурызнама» онкүндігінің соңғы күнінде «Тазару күні» Қостанай аудандық мемлекеттік архивінің архившілері архив айналасын қардан тазартып, гүлдер отырғызды. Сонымен қатар, архив орталығында – архив қоймларында кезектен тыс санитарлық күн өткізілді-сөрелерді дымқыл тазалау, шаңнан тазарту және жарамсыз болып қалған байламдарды қайта картондау жұмыстары жүргізілді.