Қостанай ауданындағы «Наурызнама» онкүндігі

Қостанай ауданындағы «Наурызнама» онкүндігі

2026 жылдың 14 наурызында «Наурызнама» онкүндігі аясында Қостанай аудандық мемлекеттік архиві қабырғасында Қостанай ауданы архив қызметкерлері Қостанай аудандық архивінің ардагерлерімен кездесу өтті. «Ұрпақтар диалогы» аға әріптестермен араласып, аудандық архив қызметінің даму жолын еске түсіріп, архив саласын дамытудың жаңа перспективалармен бөлісуге тамаша мүмкіндік болды. Архив қызметкерлері ардагерлермен архив саласын цифрландыру- құжаттарды цифрлық форматқа көшіру және «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесін енгізу туралы айтты.Олар қазіргі архившілердің архивтік жинақтау көздерін жеке құжаттармен және аудиовизуалды құжаттамалармен толықтырудағы жетістіктері туралы айтты.

Мерекелік онкүндіктің бірінші күні – Көрісу күні –құшақтасуларға, жылы күлкі мен жарқын эмоцияларға толы болды.

2026 жылдың 15 наурызында Қостанай аудандық мемлекеттік архиві онкүндікті тойлаудың екінші күн аясында «Қайырымдылық күні» қайырымдылық акциясына қатысты. Бұл күні аудандық архив  қызметкерлері азық-түлік себетін жинап, оны Қостанай ауданы Заречный ауылдық округіне қарасты Заречное ауылының тұрғыны, денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыз Юрий Феликсович Реутскийге табыс етті.