Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архиві «Адал азамат» атты сабақ өткізу туралы ақпарат

Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архиві  «Адал азамат»  атты сабақ өткізу туралы ақпарат

2026 жылғы 4 наурызда Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архивінің архивисттері  Айткалиева Ж.С. және Шоқытбаева О. Е. Аманқарай қазақ орта мектебінің  8-10 сынып  оқушыларына Әулиекөл селосының Құрметті азаматы, Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері, Еңбек ардагері Байжанов Жұмабай Кәрімұлының  90 жасқа толуына арналған «Адал азамат» атты сабақ өткізді. Сабақта Байжанов Ж.К. туралы презентация ұсынылды. Оқушылар Ж.К. Байжановтың өмір-баянымен таныстырылды, Әулиекөл ауданының дамуына, білім және мәдениет-ағарту салаларына қосқан үлесі туралы айтылды. Байжанов Ж.К. Әулиекөл ауданының бір неше саласында 35 жыл бойы қызмет атқарды және өз ісіне жауапкершілікпен қарады.

Сабақ барысында оқушылардың назарына Жұмабай Кәрімұлының жеке тектік құжаттары бойынша «Еңбек ардагері» атты 27 экспонаттан құралған тақырыптық экспозициясы ұсынылды.

Іс-шара соңында оқушылармен кері байналыс жүргізілді.  Архивисттер қатысушыларды Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архивінің қысқаша қызметімен таныстырды. Мектеп оқушыларына арналған танымдық іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, мазмұнды ақпарат бергені үшін мектеп директоры Еришев Ғ.А. архивисттерге алғысын білдірді.

Барлығы 43 адам қамтылды (39 оқушы, 4 ұстаз).