
Рудный қалалық мемлекеттік архивінің қызметкерлері өскелең ұрпақтың бойында жалпыұлттық патриотизмді, өзгеге жанашырлық пен қайырымдылық сезімін қалыптастыру мақсатында 2026 жылғы 11 ақпанда «Рудный қаласы білім бөлімінің №14 жалпы білім беретін мектебі Дм. Карбышев атындағы» КММ-нің 6-сынып оқушыларына «Ауған соғысы» тақырыбында мектеп сабағы өткізілді. Іс-шара Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 37 жыл толуына арналды. Архив басшысы Селянина Е.И. оқушыларға Ауған соғысы туралы және Ауғанстанда интернационалдық борышын өтеген жерлестеріміз – рудныйлық жауынгерлер жөнінде айтып берді. Архивист Турабекова Ж.С. оқушыларға әскери антқа адал болып, азаматтық борышын абыроймен орындаған жауынгер-интернационалистерге арналған «Уақыт сіздерді таңдады» атты тақырыптық көрмені таныстырды. Фотодеректі көрме Ауғанстан Демократиялық Республикасында әскери қызмет өткерген жауынгер-интернационалистердің жеке тектік құжаттар коллекциясы негізінде дайындалды Сагандыков Бірлибек Шондауович, Важенин Юрий Афанасьевич және Князев Федор Николаевич. Сабаққа барлығы 45 оқушы қатысты.