Қарабалық архивіндегі семинар-кеңес

Қарабалық архивіндегі семинар-кеңес

2020 жылғы 28 қазанда «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеру мақсатында Қарабалық аудандық архив қызметкерлері мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері үшін семинар ұйымдастырып өткізді.

Кездесу барысында аудандық архивтің қызметкері Б. Сексенбаева мемлекеттік қызмет көрсету Ережелерінің негізгі қағидаларымен таныстырды.

Өзине - өзі қызмет көрсету секторының мамандарына арыздырды толтыру барысында қызмет алушыларға көмек көрсету ұсынылды: тегі өзгергенін көрсету, жұмысқа қабылдау - шығуына бұйрық нөмірін белгілеу, еңбек кітапшасы жоғалған жағдайда құрылымдық бөлімшелерді көрсету, архивті дұрыс таңдау.

Сонымен қатар, сұраныс дұрыс толтырылмаған жағдайда қызмет көрсету сапасы және уақыты созылуы мүмкін деп айтылды.