Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архиві акция өткізу туралы

Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архиві акция өткізу туралы

2026 жылғы 6 ақпанда Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архив мамандары Әулиекөл аудандық емханасына келушілер арасында  «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында мемлекеттік қызметті көрсету бойынша, электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік кызметті алудың артықшылықтары туралы толық ақпараты бар брошюралар тарату акциясын өткізді.

         Архив мамандары акция өткізу барысында «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы айтты. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіни беру нәтижесі – қағаз немесе электрондық түрде, сонымен қатар порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданатыны туралы ақпараттандырды.

Акциясы барысында қатысушыларға  «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер алу» мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы кітапшалар таратылды. Барлығы 20 адам қамтылды.