Меңдіқарада кездесу өтті

Меңдіқарада кездесу өтті

Меңдіқара аудандық архивінің мамандары Меңдіқара ауданының еңбек сіңірген адамдарының құжаттарын анықтау бойынша іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.

Жоспармен белгіленген іс-шаралар шеңберінде алғашқы тың игеруші Александр Иванович Бобылевтің туыстарымен кездесу өтті және жеке текті құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау жүргізілді.

Бобылев Александр Иванович 1929 жылы 25 тамызда Могилев облысы Ботвинов ауылдық кеңесі, Вородков-3 ауылы, Кричев ауданы, Беларуссияда дүниеге келген,

          Балалық шақ оңай болған жоқ. Соғыстан кейінгі қиындықтарға қарамастан, Александр 6 сыныпты бітірді.

         Босатылған жердегі өмірді қайта қалпына келтіру оңай болған жоқ. Көмір өнеркәсібінде жұмысшылар жетіспеді. Шахталар энтузиастарды күтті. КСРО Министрлер Кеңесінің (1947 ж.) көмір өнеркәсібін кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы қаулысы негізінде жастардың басым бөлігі ФЗО (фабрика-зауыттық оқыту)мектептеріне оқуға, оқуды бітіргеннен кейін шахтаға жұмысқа жіберілді, Комсомол Бобылевте ерекшелік болған жоқ, жоғарыда аталған мектепті 1948 жылдың маусымынан 1954 жылдың қаңтарына дейін бітіріп,  Мәскеу облысының шахталарында көмір тасушы ретінде көмір өндірді (еңбек кітапшасында жазба бар). Кеншілер ұжымындағы жұмыс қиындықтарды жеңуге үйретті.

         Бүкіл ел бойынша тың игеруге шақырған кезде Александр Иванович 1955 жылы қаңтарда Комсомол жолдамалары бойынша бір топ жолдастарымен Қостанайға келді.

         А. И. Бобылевтің тың эпопеясы Боровской ауданының «Борки» астық кеңшарында басталды.

1955 жылдың шілдесінде Александр Иванович тың және тыңайған жерлерді игеру бойынша үздік жұмысы үшін Құрмет тақтасына енгізіле отырып, құрмет грамотасымен марапатталады, ал 1956 жылдың наурызында жоғары өндірістік көрсеткіштері үшін алғашқы тың игеруші А. И. Бобылевтің есімі шаруашылық Құрмет Кітабына енгізілді, бұл туралы куәлігі бар, осы жылдың қазан айында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен 20 қазандағы № 752 Алексадр Ивановичке «Қазақ КСР үздік тракторшысы» атағы берілді.

Алғашқы тың игеруші  Бобылев үшін ең есте қаларлық 1956 жылғы егін болды-бұл нан үшін қиын шайқас болды. Ауа-райы астық өсірушілерді асықтырды, тәулігіне он сегіз-жиырма сағат комбайнның штурвалында. Егін жинау қиындығы аяқталғаннан кейін Александр 570 гектар нан алып, сегіз мың тоннадан астам астық бастырғанын білді. Бұл үлкен жеңіске тең қаһармандық, өзін-өзі ұмытпайтын еңбек болды. Осы еңбегі үшін 27 жастағы Александр Бобылев 1957 жылы ақпанда жоғары мемлекеттік марапат «Ленин» орденімен марапатталды.

АлександрИвановичБобылевтің мінсіз еңбегі ерекше бағаланды: «Ленин»орденімен, «БАШК қатысушысы»(1957ж.),«Тыңжерлердіигергені үшін» (1957ж.),«КСРОхалықшаруашылығындағыжетістіктеріүшінХШЖК кеңесікомитетініңкүміс медальімен» (1974ж.),«Еңбекардагері»(1988ж.) медальдарымен, «Жаңажерлердіигергеніүшін»  БЛККМ ОрталықКомитетініңбелгісімен(1955ж.)көптегенграмоталармен,дипломдармен,алғысхаттармен,бұл көп жылдықнәтижеліеңбектітанубелгілері.

Ұлы Владимир Александрович Бобылев құжаттарды ішінара түпнұсқалары мен көшірмелерінде мемлекеттік сақтауға тапсырды, қазіргі уақытта олар цифрландырылуда, тізімдеме мен оған алғысөз жасалады.

         Александр Иванович Бобылевтің жеке текті құжаттары Меңдіқара аудандық мемлекеттік архивінің коллекциясында лайықты орын алады.