«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша семинар

«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша семинар

2026 жылғы 28 қаңтарында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай ауданы бойынша филиалында «ҚОМА» КММ филиалы «Қостанай аудандық мемлекеттік архиві» архивисті Ж.К. Байдильдина «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» тақырыбына семинар өткізді. Семинарға ХҚКО маманы қатысты.

Семинар барысында архивист «ҚОМА» КММ филиалы «Қостанай аудандық мемлекеттік архиві» көрсететін «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі туралы айтып өтті. Архив ісі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін түсіндірді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай ауданы  бойынша филиалының мамандары мемлекеттік қызмет бойынша өздерін қызықтырған сауалдарын қойды. «Электрондық үкімет» порталы арқылы  мемлекеттік қызмет көрсету сәттері талқыланды.