Амангелді аудандық мемлекеттік архивінің 2025 жылғы жылдық қортынды есебі

Амангелді аудандық мемлекеттік архивінің 2025 жылғы жылдық қортынды есебі

Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Қостанай облысының мемлекеттік архиві» КММ «Амангелді аудандық мемлекеттік архиві» филиалының 2025 жылғы жылдық  жұмыс есебі бойынша 4 қордың 42 істің 430 беті  қалпына келтірілді, сақтау қоймасынан 3200 істі және 630 тізімдемені сұранымдаманы орындау үшін беріліп, олардың  ішкі жағдайы тексерілді, 4 қордың  1019 бірлік мөлшеріндегі құжаттардың барлығының жағдайы  тексерілді. Үлгілік тізімдеменің өзгеруіне байланысты, үлгілік номенклатурасы бойынша 4 мекеменің 502 позициясы әзірленді; 7 мекеменің 632 позициясы  әзірленіп, ведомствалық архивтер туралы ереже бекіді.

Ведомствалық архивтермен жұмыс жасау кезінде 9 мекемеге  іс тізімдемесін құрастыруда методикалық және тәжірибелік көмек көрсетілді.

         Мемлекеттік мекемелердің ведомствалық архивіне жауапты мамандарға құжаттарды мемлекеттік архивте сақтау, «Электрондық құжаттардың біріңғай архиві» ақпараттық жүйесі (ЭҚБА) АЖ бойынша және құжаттарды сканерлеу, мекемелердің істер номенклатурасын бекіту туралы  семинар өткізілді.

        «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорация» қызметкерлерімен «Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы 3 семинар және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша халыққа насихаттау жұмыстары жүргізілді.

 

       «Архивтік анықтама беру, архивтік  құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету ойынша  әлеуметтік-құқықтық сипаттағы 1162 сұраным түсті, орындалғаны -1162 сұраным, ҚР бойынша -1156 сұраным. ТМД-6  өтініш,  оң-636, теріс-77, сақтауға түспеген-430, қатысы жоқ өтініштер-19, ЦОН-0, ПЭП-1130, пошта арқылы-32, жеке тұлғалар ТМД-1, заңды тұлғалар ТМД-5, Е-өтініш-0

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында барлық кезеңде 48 қордың, 5053  сақтау бірлігі, 238467 парақ  архивтік құжаттары цифрландырылды.  2025 жылғы жылдық есебі бойынша  «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 10 қор, 910 сақтау бірлігі және            35685 парақ  цифрланды.