Болашақ үшін сақтау және көбейту

Болашақ үшін сақтау және көбейту

2020 жылғы 23 қазанда «Қостанай облысының мемлекеттік архиві» КММ «Лисаков өңірлік мемлекеттік архиві» филиалында қала тұрғындары мен қонақтарына, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлеріне арналған «Ашық есік күні» «Память о прошлом – дорога в будущее» өтті.

Мемлекеттік архив мамандары қонақтарды қарсы алып, архивтің тарихи маңыздылығы туралы айтты, тарихи маңызы бар ең қызықты құжаттарды көрсетті. Мемлекеттік архивтің мамандары Ержанова К.А., Есебаева И.Б., азаматтардың сұраныстарының қалай орындалатындығын, «Архив анықтамаларын беру, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерін беру» мемлекеттік қызметін жақсарту үшін қандай шаралар қолданылатының егжей-тегжейлі және нақты көрсетті. Іс-шара барысында филиал архивистері Бақыт А., Есебаева И.Б. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құжаттарын жинақтау, сақтау, пайдалану бойынша консультациялар берді, сонымен қатар ұйым ісінің номенклатурасы қалай жасалатынын, қадағалау жұмыстары жүргізілетінің, құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу қалай жүретінін көрсетті және айтып берді.Филиалдың архивисті З.Б.Мурзалина қала тұрғындары мен қонақтарын құжаттарды сақтау шарттарымен, «Менің Лисаковскім», «Барлығына бір жеңіс» атты фотоқұжаттық көрмелермен таныстырды.