«Құжаттық дереккөздер – келер ұрпақ үшін білімнің дәлдік кепілі»

«Құжаттық дереккөздер – келер ұрпақ үшін білімнің дәлдік кепілі»

2025 жылғы 28 қарашада Жітіқара өңірлік мемлекеттік архивінің маманы Есмурзина А.И. № 12 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушыларына «Құжаттық дереккөздер – келер ұрпақ үшін білімнің дәлдік кепілі» атты мектеп сабағын өткізді. Сабақ барысында маман тарихи жадты сақтау үшін құжаттық дереккөздердің маңыздылығы және қазіргі жағдайда ақпаратты тиімді тексеру қажеттілігі туралы айтты. Сонымен қатар архивтердің құжаттарды сақтау, оларды ғылыми, мәдени және тәрбиелік мақсаттарда пайдалану ісіндегі рөлі де қарастырылды.