«Жітіқара өңірлік архиві қызметкерлерінің дөңгелек үстел өткізуі туралы».

«Жітіқара өңірлік архиві қызметкерлерінің дөңгелек үстел өткізуі туралы».

2025 жылғы 17 қарашада Жітіқара өңірлік мемлекеттік архивінің мамандары Жітіқара қаласы бойынша РМК «ХҚКО» (Халыққа қызмет көрсету орталығы) филиалының қызметкерлерімен бірлесіп «дөңгелек үстел» өткізді. Талқылаудың негізгі тақырыбы «Қазақстан Республикасы заңнамасының «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсету саласында сақталуы» болды. Кездесу барысында Электрондық үкімет порталы арқылы өтініш беретін азаматтардың құжаттарымен тікелей жұмыс істеген кезде екі құрылым мамандарының алдында туындайтын мәселелер жан-жақты талқыланып, пысықталды. Архивтік анықтамалар алу үшін өтініштерді дұрыс толтыру қағидалары түсіндірілді. 2020 жылғы 29 мамырдағы №159 мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына енгізілген өзгерістерге ерекше назар аударылды.

Іс-шара конструктивті жұмыс жағдайында өтіп, болашақта мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға ықпал ететін болады.