Құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу бойынша жұмысты ұйымдастыруға қойылатын өзекті талаптар» семинарын өткізу туралы

Құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу бойынша жұмысты ұйымдастыруға қойылатын өзекті талаптар» семинарын өткізу туралы

2025 жылғы  26 қарашада Жастар ресурстық орталығында «Құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу бойынша жұмысты ұйымдастыруға қойылатын өзекті талаптар " тақырыбында  семинар өтті. Семинардың модераторы Жітіқара өңірлік мемлекеттік архивінің басшысы Е. Бостынец болды. Семинар жұмысына мемлекеттік мекемелердің 22 маманы қатысты.

Семинар барысында филиалдың басшысы Бостынец Елена Александровна құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу, істерді қалыптастыру, ресімдеу және тігу ерекшеліктері, жеке құрам бойынша тұрақты сақталатын істердің тізімдемелерін жасау, сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актіні ресімдеу туралы айтып берді. Мекеме мамандары талқыланатын тақырып бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.