Облыс көрсетілетін қызметті берушілерінің «жасырын» қызметтерді анықтауына қатысты

Облыс көрсетілетін қызметті берушілерінің «жасырын» қызметтерді анықтауына қатысты

2025 жылғы 14 қарашада Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысының орынбасары                                                    А. А. Костюковтың төрағалығымен бөлімдер басшыларының, аудандар, қалалар мен басқармалар әкімдері аппараттарының ішкі бақылау қызметтерінің бас инспекторларының қатысуымен семинар өткізілді.

Облыс көрсетілетін қызметті берушілерінің «жасырын» қызметтерді анықтауына қатысты мәселе қаралды.

Семинар барысында басқарманың мемлекеттік қызметтер бөлімінің бас маманы А. А. Мунарбаева «жасырын» қызметтерді анықтау әдістемесін және жергілікті атқарушы органдардың ашықтық индексіне қатысты ақпаратты жеткізді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер бөлімінің бас маманы                                          Е.К. Сармулдинов осы бағытта жұмыс жүргізу бойынша ұсыныстар берді.

Семинар барысында келіп түскен сұрақтарға түсініктемелер берілді.