
2025 жылғы 29 қазанында Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архивінің маманы Шоқытбаева О.Е. Әулиекөл ауыл шаруашылық колледжінің 1 курс оқушыларына «Құрмет белгісі» және «Халықтар достығы» ордендердің иегері, еңбек сіңірген ауыл шаруашылық қызметкері, Әулиекөл ауданның құрметті азаматы Игнатенко Виктор Пантеевичтің 85 жылдығына орай «Где родился там и пригодился» атты сабақ өткізді.
Игнатенко Виктор Пантеевич 1940 жылы Семиозер селосында дүниеге келген, мұнда Семиозер орта мектебін бітірген. Мектеп бітіргеннен кейін Қостанай ауылшаруашылық техникумында зооветтехник мамандығын алды, содан кейін Троицк ветеринарлық институтында жоғары білім алды.
20 жылдан астам уақыт бойы ауданның ең ірі шаруашылығының бірі – С.Баймағамбетов атындағы совхозды (Семиозерное селосы) басқарды, совхоздапдың Семиозер аудандық тресті директорының орынбасары болды. Игнатенко В.П. «Құрмет белгісі» ордені және «Халықтар достығы» ордені сияқты жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.
Сабақ колледж кабинетінде өткізілді. Сабақ барысында «Где родился там и пригодился» сабақтын тұсау кесері мен Игнатенко В.П. жеке тектік құжаттары бойынша экпозиция ұсынылды.
Барлығы 20 адам қамтылды (18 оқушы, 2 ұстаз).
Архивист О. Шокутбаева