
2025 жылғы 22 қазанда «Лисаков өңірлік мемлекеттік архиві» «ҚОМА» КММ филиалының архивисті Ф.С. Ирханова Қазақстан Республикасы күнін мерекелеуге арналған «Цвети, прекрасный мой Казахстан!» тақырыбындағы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Лисаков техникалық колледжі» КМҚК студенттеріне арнлаған дәрісті өткізді.
Феридэ Сериковна студенттерге 25 қазанда атап өтілетін Қазақстан Республикасы күні егемендік пен тәуелсіздікке жол ашатын елдің басты мерекелерінің бірі екенін айтты. Өткізілген дәріс Отанға деген сүйіспеншілік пен тәуелсіз Қазақстанға деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал етті.