«Менің мамандығым – мемлекеттік қызметші»

«Менің мамандығым – мемлекеттік қызметші»

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 17 шілдедегі № 602  Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына) сәйкес мемлекеттік қызметтің жаңа моделін дамыту, жастар арасында мемлекеттік қызметтің ашықтығын арттыру және оның беделін арттыру басым бағыттардың бірі болып табылады.

         

«Менің мамандығым – мемлекеттік қызметші» жобасының  негізгі мақсаты – мемлекеттік қызмет институтын кеңінен насихаттау, жастар арасында мемлекеттік органдардың миссиясы туралы түсінік қалыптастыру, патриоттық құндылықтар мен азаматтық жауапкершілікті дамыту.

Осы жобаның аясында цифрландыру және әкімшілік жұмысы бөлімінің басшысы А. Есешев студенттер арасында түсіндіру жұмысын жүргізді.