Жыл сайын 1 қазанда елімізде Қарттар күні аталып өтеді.
Бұл күн – аға буынға терең құрмет пен алғыс білдіру күні, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесі жастар үшін тірек пен өнеге болып табылады.
Қарттар күніне 3 ардагерлер: Әлиева Бақытжамал Кәрісқызы, Құсаинов Шынғали Есқалиұлы және Тұрғамбетов Аманболған Фазылжанұлы шақырылды.
Осы күні Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архивінің ұжымы Әулиекөл ауданы архив қызметінің ардагерлерін құттықтай отырып шай ішу ұйымдастырылып, сыйлықтар тарту етілді.