2025 жылғы 27 тамызда Жітіқара өңірлік мемлекеттік архивінің әдістемелік кабинетінде басшысы Е. А. Бостынец және маман А.И. Есмурзина «Істер номенклатурасын жасау тәртібі» семинарын өткізді. Семинар жұмысына мемлекеттік ұйымдардың 21 маманы қатысты.
Елена Александровна Бостынец істер номенклатурасының мақсаты, оны жасау және ресімдеу тәртібі туралы ақпарат берді. Істердің үлгілік номенклатурасының бөлімдері, істердің тақырыптарын ресімдеу, олардың бөлімдер ішінде орналасу тәртібі, құжаттардың тізбесі бойынша сақтау мерзімдері мен тармақтарын айқындау, қорытынды жазбаның кестесін толтыру қаралды. Сонымен қатар, істердің жиынтық номенклатурасын жасау туралы ұйым басшысының бұйрығын жасау қаралды.
Алтынай Есмурзина 2025 жылғы 17 маусымдағы № 276-НҚ «Сақтау мерзімін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесіне» енгізілген өзгерістер туралы ақпарат ұсынды. Істер номенклатурасын және сараптамалық комиссия отырысының хаттамасын ресімдеу кезінде жиі жіберілетін қателіктер қаралды.
Мекеме мамандары талқыланған тақырып бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.