Лисаков өңірлік мемлекеттік архивінің архивисті «Радио «Рауан» ЖШС-де сөз сөйледі

Лисаков өңірлік мемлекеттік архивінің архивисті «Радио «Рауан» ЖШС-де сөз сөйледі

2025 жылдың 29 шілдеде «Лисаков өңірлік мемлекеттік архиві» «ҚОМА» КММ филиалының архивисті Ф. С. Ирханова «Рауан» қалалық радиосында ақын, композитор, ағартушы, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазбаәдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың180 жыл толуына арналған «Халық ағартушысы – Абай Құнанбаев» атты ақпараттық бағдарламада сөз сөйледі. Феридэ Сериковна тыңдаушыларға биыл, 2025 жылғы 10 тамызда,ұлы қазақ ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толатынын айтты. Бұл жай ғана есте қаларлық күн емес, ұлы ойшыл, ақын және ағартушының қазақ мәдениетін, әдебиеті мен руханиятын дамытуға қосқан баға жетпес үлесін көрсететін маңызды оқиға.