Ұлы тұлғалар мұрасы» халықаралық онлайн-конференциясы

Ұлы тұлғалар мұрасы» халықаралық онлайн-конференциясы

2020 жылдың 29 қыркүйегінде «Ы.Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайы» КММ-де «Ұлы тұлғалар мұрасы» халықаралық онлайн-конференциясы өтті (Ы. Алтынсарин және И. Гаспринский). Конференцияның мақсаты: ағартушы, педагог Ы.Алтынсарин және Қырым-татар қоғам қайраткері және реформатор И. Гаспринскийдің мұрасын зерттеу және көпшілікке тарату. Модератор ретінде жетекші ғылыми қызметкер Б. А. Айгужина сөз сөйледі, қатысушыларға мұражай басшысы М. Б. Оспанов құттықтау сөз сөйледі. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Шаяхмет А. Қ. «Ы. Алтынсариннің қазақ трагедиясына көзқарасы», Қырымның Марджани атындағы Тарих институты ғылыми орталығының профессоры Керимов И.А. «Исмаил Гаспринский и тюркский мир», Байтұрсынов ҚАУ профессоры Жақып Қ. Х.                       «Ы. Алтынсарин-Ұлттың ұлы ұстазы» атты қызықты және мазмұнды баяндамалар жасады. Гаспринский атындағы «Бахчисарай тарихи-мәдени және тарихи мұражай-қорығы» мемориалдық музейінің меңгерушісі-Абибуллаева Э. Э. қатысушыларды 19 ғасырдың аяғы 20 ғасырдың басындағы Ресей түркі-мұсылман әлемінің ағартушысы Исмаил Гаспринскийдің мұрасы тақырыбымен таныстырды. Құжаттарды пайдалану және жариялау бөлімінің архивисті А.А. Карпухина «Архив деректері бойынша Ы. Алтынсарин өмірінен» тақырыбында сөз сөйлеп, ҚР ОМА және Қазан қаласының архивынан әкелінген құжаттар туралы айтып берді.   Онлайн - Халықаралық конференцияның пікірталас қатысушылары: Байтұрсынов атындағы ҚАУ Профессоры Оспанов С., «Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Мачнева С. Г., «Жақсылық» Қазақ орталығының өкілі  Шакенова В. М. Троицк қ.