архив жұмысын жақсартудың жаңа амалдары

архив жұмысын жақсартудың жаңа амалдары

2020 жылдың 28 қыркүйегінде «ГАКО» ҚМУ Лисаков өңірлік мемлекеттік архив филиалының архивистші Репинская Е.В. «Көп қолданушыларға қол жетімді ақпараттық жүйе электрондық құжаттарға» мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлеріне  арналған семинар өткізді. Елена Валерьевна «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесі – бұл ақпаратты автоматтандыруға, жинауға, сақтауға, өңдеуге және беруге арналған бағдармалық – ақпараттық кешен.

Семинар барысында мемлекеттік архивтің маманы  электронды құжаттарды  құру процедурасына назар аударды, мемлекеттік органдардың мамандарына «ЭСҚ» АЖ – да құжаттарды құру кезектілігінің принциптерін көрсетті және түсіндірді. Ол ЕАДА АЖ - ны енгізу тек құжаттарды сақтауға ғана емес, соңымен қатар әр қолданушыға қашықтықтан, қол жетімділігі оңай, қай жерде сақталуына қарамастан  архивтілген ақпаратты алуға мүмкіндік беретініне назар аударды.  Бұл барлық пайдаланушыларға архив пен ұйымдармен мекемелерге қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында  жұмыс істейтін ақпараттық жүйелермен біріктірілген портал болады.

Семинарда Лисаков қаласының мемлекеттік қызметшілері белсенді қатысты, сұрақтар қойды және білікті жауаптар алды.

Қатысқандар: 16 адам.